QyzPU-да Цифрландыру күні аталып өтті
-
12 қараша, 2024
2024 жылдың 11 қарашасында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Қазақстан Республикасының цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күнін атап өтті.
Бұл оқиға университеттің цифрлық экожүйесін дамытуға және білім беру процесіне заманауи технологияларды енгізуге құштар студенттер мен мамандардың басын біріктірді.
Мерекенің басты іс-шарасының бірі – 14 креативті идеяны ұсынған, 28 қатысушыны тартқан «Цифрлық өмірді жақсартудағы үздік идея» байқауы болды. Барлық жұмыстар цифрлық даму департаментінің Instagram — дағы ресми парақшасы @qyzpu_digital -да жарияланды. Бұл кең аудиторияға қатысушылардың инновациялық ұсыныстарымен танысуға мүмкіндік берді.
Физика, математика және цифрлық технологиялар институтының "Ақпараттық жүйелер" білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Джаумбаева Арай Жеңісбайқызы "Цифрландырудағы үздік идея" номинациясының жеңімпазы атанды.
«Әлеуметтік желідегі танымал IT идея» номинациясында «Цифрлық аналитикалық білім беру жүйелерін жобалау» білім беру бағдарламасының студенті Шәріпбек Көркем Абайқызы лайықты жеңіске жетті. Бұл студенттердің марапаттары университеттің цифрлық инфрақұрылымын дамытуға қосқан үлесі екенін атап өткіміз келеді.
Сонымен қатар, цифрлық даму департаменті Ақпараттық технологиялар саласындағы үздік мамандардың еңбегін атап өту үшін "Үздік IT маман" және "Үздік IT жетекші" номинациялары бойынша цифрлық даму департаментінің қызметкерлері арасында конкурс ұйымдастырды.
"Үздік IT жетекші" номинациясы бойынша Сыдықова Толқын Дүйсенғалиқызы және "Үздік IT маман" номинациясы бойынша жеңіске жеткен Сүлейман Ерсін Бағдәулетұлы үздік деп танылды. Марапат иегерлері цифрлық офицердің дипломдарымен және департамент директоры Нұрбол Әлімбайұлы Модововтың арнайы сыйлықтарымен марапатталды. Бұл олардың кәсібилігі мен университеттің дамуына қосқан үлесі деп білеміз.
Мерекенің қорытынды рәсімінде университеттің цифрлық офицері Тимур Саатдинұлы Картбаев барлық қатысушыларды құттықтап, Цифрлық өмірді жақсартудағы үздік идея» байқауының жеңімпаздарына өз атынан заманауи гаджеттерді табыс етті және цифрлық даму департаментінің қызметкерлеріне алғыс хат табыстады.
Іс-шара университеттің цифрлық инновацияларға деген ұмтылысын және үздіксіз жетілдіру мен өркендеуге ықпал ететін білім беру ортасын дамытудағы технологиялардың рөлін мойындауды көрсететін маңызды кезең болды.
Бөлісу: