QyzPU-ға Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігінің (IAAR) сарапшылары келді



    • QyzPU-ға Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігінің (IAAR) сарапшылары келді

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігінің (IAAR) сыртқы сараптау комиссиясының жұмысы басталды.

      Мамандандырылған аккредиттеудің 5 білім беру бағдарламасы бойынша жүргізіледі: 7M01105 – Педагогика және психология; 7М01510 –Информатика; 7М01706  – Шетел тілі: екі шетел тілі; 7M01403 – Көркем еңбек, графика және жобалау; 7М01509 – Химия.

      7 қарашада сыртқы сараптама комиссиясы Басқарма Төрағасы – Ректор Қанай Гүлмира Әмірханқызы, Басқарма мүшелері – Проректорлары, құрылымдық бөлімшелердің басшылары, институт директорлары, білім беру бағдарламаларының көшбасшыларымен кездесті.

      Кері байланыс орнату үшін профессор-оқытушылар құрамымен және университет білім алушыларымен кездесіп, сауалнамалар жүргізілді. Сондай-ақ оқу-зертханаларының материалдық-техникалық базасына шолу жасады.

      Комиссия жұмысы 9 қарашаға дейін жүргізіледі. Сыртқы сараптама комиссиясының жұмысы табысты болуына және білім беру бағдарламаларына аккредиттеуден сәтті өтулеріне тілектеспіз!

       

      Бөлісу: