Qyzpu "қарлығаш" балабақшасымен меморандумға қол қойды
-
05 қараша, 2024
4 қараша күні Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті мен ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы» РМК өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Құжатты Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Басқарма Төрағасы-Ректоры Гүлмира Қанай мен ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы» РМК директоры Гүлшат Онланбекқызы бекітті.
Меморандум шеңберінде білім беру мазмұнын жаңарту, түлектерді белсенді тәжірибеге дайындау, қарастырылған оқу жоспарлары мен бағдарламалары бойынша тәжірибе және ақпарат алмасу, ғылыми зерттеулер жүргізу, жарияланымдар және басқа да материалдар бойынша ақпаратты таратуға жәрдемдесу, қысқа мерзімді оқу бағдарламаларына және академиялық кездесулерге қатысу, қызметкерлердің біліктілігін арттыру, талдамалық шолуларды дайындау, педагогикалық кадрларды даярлауда кәсіби-практикалық әдістемелік көмек көрсету, студенттерді педагогикалық практикадан өткізу сияқты мәселелері талқыланды.
Университет ректоры Гүлмира Қанай мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу білім беру бағдарламасы бойынша 4 курс студенттерін ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасында практикаға жіберу мүмкіндігі туралы айтты.
Сонымен қатар Гүлшат Онланбекқызы болашақ мектепке дейінгі ұйым мамандары мен жоғары оқу орын оқытушылары үздіксіз байланыста болуы қажет және үнемі тәжірибе алмасу алаңы қалыптастыру қажеттілігін атап өтті.
Меморандум кадрлар даярлау ісінде халықаралық стандарттарға сай тәжірибе алмасып, мол мүмкіншіліктер алуға көмектеседі
Бөлісу: