QyzPU студенттері шетел университеттерінде білім алуда



    • QyzPU студенттері шетел университеттерінде білім алуда

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттері академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша шетелге оқуға тұрақты түрде жіберіледі.

      Катовице қаласында орналасқан Силезия университетінде "Шетел тілі: екі шетел тілі" білім беру бағдарламасы бойынша 2, 3 курстың 11 студенті білім алуда.

      Сонымен қатар Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 19 студенті төрт айлық академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Түркияның үш беделді университетіне  тәжірибе жинақтауға жіберілді. Атап қайтсақ, олардың жетеуі Нийде  Омер Халисдемир университетінде, сегізі  –  Ондокуз Майис университетінде, ал қалған төртеуі  Невшехир Хаджи Бекташ Вели университетінде оқып жүр. Ал Словакия техникалық университетінде «Биология» білім беру бағдарламасы бойынша 4 курс студенті Искакова Гулдана Аллабергенқызы, Польшадағы Померан университетінде  «Биология» білім беру бағдарламасы бойынша 2 курс магистранттары мен 3 курс студенттері және «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша И.Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетінде 3 курс студенттері білім алуда.

      Академиялық ұтқырлық бағдарламасы студенттерге өз білімдерін тереңдетуге, шетелдік студенттермен байланыс орнатып, болашақта әріптестес болуға, жаңа дағдыларды игеруге және ел мәдениетімен танысуға мүмкіндік береді. Университет Шетелдегі студенттермен үнемі байланыста болады.

      Бөлісу: