Астанада «Түркі халықтарының үздік студенті» халықаралық форумы өтті



    • Астанада «Түркі халықтарының үздік студенті» халықаралық форумы өтті

      23 қазан күні Астанадағы ҚР Ұлттық музейінде дарынды студенттердің арасында байланыс орнату мақсатында «Түркі халықтарының үздік студенті» атты халықаралық форум өтті. Форумды «Bilim-orkenieti» ұлттық-инновациялық ғылыми зерттеу орталығы ұйымдастырды.

      Конкурсқа ғылым, өнер және спорт саласында жетістікке жеткен студенттер қатысты. Қатысушыларға жетістіктерін растайтын құжаттарды жіберу міндеттелді. 

      Халықаралық форумға Қырғызстан, Түркіменстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Түркия сынды түркі тілдес елдерден және Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті,  Е.А Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Л.Н Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінен келген жоғары оқу орын студенттері қатысты.

       «Түркі халықтарының үздік студенті» конкурсының  І кезеңінде 100-ден аса өтінімдердің арасында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенті Абайдулла Жұлдыз үздік деп танылып, марапаттау кезеңіне шақырылды. Жетекшісі Баймұхамет Роза Бақытжанқызына алғыс хат табыс етілді.

      Студенттердің білім жолында жоғары жетістікке жетуіне мүмкіндік берген Педагогика психология институтының директоры  Оразаева Г.С, директор орынбасарлары Әубәкір А.С., Исаева Л.Т  және арнайы педагогика кафедрасының ұжымына сәттілік тілейміз!

       

      Бөлісу: