QyzPU студенттері «Қазақстанның үздік студенті» байқауының жеңімпаздары атанды



    • QyzPU студенттері «Қазақстанның үздік студенті» байқауының жеңімпаздары атанды

      Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институты, Қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасының «Әлеуметтану» білім беру бағдарламасының 4 курс студенттері Бисеналықызы Еркеназ және Құрманалы Махаббат «Қазақстанның үздік студенті» атанды.

      Республикалық байқау Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс»  атты бағдарламалық мақаласындағы ұлттық құндылықтарды республикамыздың жастары арасында кеңінен насихаттау мақсатында өтті.

      Байқау қорытындысы  бойынша ҚР Жастар саясатының дамуына қосқан үлесі және қоғамдық іс-шараларға қатысып, көшбасшылық қабілетін көрсеткені үшін Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институты,  «Әлеуметтану» білім беру бағдарламасының 4 курс студенттері Бисеналықызы Еркеназ және Құрманалы Махаббат І дәрежелі диплом, «Үздік студент» төсбелгісі куәлігімен және  арнайы статуэткамен марапатталды. ‎ ‎

      Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!

       

      Бөлісу: