QyzPU студенттері – XVI Республикалық пәндік олимпиада жүлдегерлері



    • QyzPU студенттері – XVI Республикалық пәндік олимпиада жүлдегерлері

      Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Жаратылыстану және география факультетінің ұйымдастыруымен жоғары оқу орын студенттері арасында  «География педагогтерін даярлау» білім беру бағдарламасының XVI Республикалық пәндік олимпиадасы өтті.

      Олимпиаданың мақсаты - «География педагогтерін даярлау» білім беру бағдарламаларының топтары бойынша дарынды студенттердің шығармашылық әлеуетін анықтап, қолдау және тұлғалық интеллектуалдық капиталын қалыптастыруға ықпал ету. Сондай-ақ жастардың ғылыми-зерттеу қызметіне қызығушылығын арттырып, заманауи ғылыми мәселелерді шешуге ынталандыру.

      Жарысқа Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, География кафедрасының  4 курс  студенті Мұхтарова Айжан, 2 курс студенті Жолдасбай Айдана қатысты. Командаға География кафедрасының аға оқытушысы Киясова Лаззат Шомуқызы жетекшілік етті.

      Олимпиада қорытындысы бойынша Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, География кафедрасының 4 курс  студенті Мұхтарова Айжан жеке есепте ІІ орынды иеленіп, дипломмен марапатталды.

      Студенттерге олимпиадаға қатысқандары үшін сертификаттар беріліп, команда жетекшісі Киясова Лаззат Шомуқызына Алғыс хат табысталды.

      Студенттерімізді шын жүректен құттықтаймыз!

      Бөлісу: