QyzPU студенттері XVI Республикалық пәндік олимпиадада жүлделі орындарға ие болды



    • QyzPU студенттері XVI Республикалық пәндік олимпиадада жүлделі орындарға ие болды

      28 қазан күні Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің ұйымдастыруымен «Арнайы педагогика» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын студенттер арасында XVI Республикалық пәндік олимпиада өтті.

      Олимпиадаға жоғары оқу орындарының үздік студенттері қатыстып, өзара тәжірибе алмасу мен білім көрсеткіші бойынша бақ сынады.

      XVI Республикалық пәндік олимпиадаға Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, Е.А Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық  университеті  және тағы да басқа жоғары оқу орынның  студенттері қатысты.

      Олимпиаданың I кезеңінде Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, «Арнайы педагогика» білім беру бағдарламасы «Логопедия» траекториясының 3 курс студенті Абайдулла Жұлдыз және «Олигофренопедагогика» траекториясының 3 курс студенті Туржанова Айдана ғылыми жоба ұсынды.

      Ғылыми жобаның мақсаты: арнайы мектептің бастауыш сыныбы «Айналадағы әлем» пәні бойынша «Менің ғаламшарым»  дидактикалық құралын жан-жақты таныстыру. 

      Экологиялық материалдардан даярланған дидактикалық құрал ерекше білімді қажет ететін балалардың білім алуы мен таным процесін жан-жақты жетілдіруде маңыздылығымен  комиссия мүшелерінің жоғары бағасына ие болды.

      Республикалық олимпиаданың II кезеңіне Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, «Арнайы педагогика» білім беру бағдарламасының «Олигофренопедагогика» траекториясында оқитын 3 курс студенті Матжан Дана тест сынағына  қатысып, үздік білімімен ерекшеленді.  Нәтижесінде Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің командасы I орынды  иеленді.

      Марапат ретінде білім кубогі мен арнайы диплом табысталды. Ғылыми жетекшісі Катшибекова Жұлдыз Бауржанқызы алғыс хатпен марапатталды.  Осы бағытта институт директоры Оразаева Гульжан Сериковна және  арнайы педагогика кафедасының профессор оқытушылық құрамы береке-бірлікте жұмыла кірісіп, студенттердің білім шыңынан көрінуіне қолдау білдірді.

      Сондай-ақ жеңіс нәтижесіне орай, «Арнайы педагогика» білім беру бағдарламасы бойынша кезекті олимпиада 2025 жылдың сәуір айында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде  өтетіндігі жарияланды.

      Бөлісу: