QyzPU-да IV Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті
-
31 қазан, 2024
30 қазан күні «Хореография және Арт-менеджмент» кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 80 жылдығына арналған «Көп мәдениетті қоғамдағы өнер: салт-дәстүрлер және инновациялар» атты IV халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференцияның мақсаты – өнертану саласының өзекті мәселелерін талқылау, хореографиялық білім беру бағыттары мен оқыту жүйесіндегі мәселелерді талдау, халықаралық деңгейдегі өзара байланыс және ынтымақтастық орнату, сондай-ақ Д.Әбіров еңбектерін өскелең ұрпаққа насихаттау.
Конференцияға Ж.А.Тәшенев атындағы университетінің «Өнер және саз» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., доцент Тлеубаева Балжан Сейдрамановна, Өзбекстан мемлекеттік хореография академиясының докторанты, аға оқытушы Досжанова Диляфруз Кахрамоновна, халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаты, өнертану магистрі, Қазақ ұлттық хореография академиясының докторанты Шәмшиев Алмат Шердарұлы, әлеуметтік антрополог, п.ғ.к., Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссия жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық комитетінің мүшесі және материалдық емес мәдени мұра бойынша сарапшысы Имамбек Евфрат Багдатович, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Балетмейстер өнері» кафедрасының меңгерушісі, PhD доктор Молдахметова Алима Талғатовна, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің магистрі, аға оқытушы Жалғасбаева Қанағат Баймұратовна қатысып, қазіргі таңдағы өнер саласындағы өзекті мәселелерді көтерді.
Конференцияны модератор ретінде «Хореография және Арт-менеджмент» білім беру бағдарламасының көшбасшысы, PhD докторы Кусанова Анипа Ерланқызы жүргізді.
Бөлісу: