QyzPU-дың қауымдастырылған профессоры І дәрежелі дипломға ие болды
-
30 қазан, 2024
![QyzPU-дың қауымдастырылған профессоры І дәрежелі дипломға ие болды]()
Қазан айының 15 күні Астана қаласында «Қазақстанның құрметті профессоры» атты республикалық байқау өтті.
Тәуелсіз еліміздің дамуына қызмет етіп жүрген аға буын өкілдерін өскелең ұрпаққа үлгі ету мақсатында өткен байқауды «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы және «Жаңа Қазақстан» республикалық инновациялық орталығы ұйымдастырды.
Аталмыш іс-шарада Қазақстан Республикасы жоғарғы оқу орындарынан келген профессорлық-оқытушылық құрамы бақ сынады.
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінен Физика, математика және цифрлық технологиялар институты, информатика кафедрасының қауымдастырылған профессоры Мекебаев Нұрбапа Отанович қатысып, «Қазақстанның құрметті профессоры» атты І дәрежелі дипломға ие болды. Сондай-ақ арнайы тағайындалған төсбелгі табысталды.
Бөлісу:


