Біліктілікті арттыру курстары басталды
-
29 қазан, 2024
“Хореография және Арт-менеджмент” кафедрасының ұйымдастыруымен “Хореографиялық пәндерді оқытудың заманауи әдістері” тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курсы басталды.
Біліктілікті арттыру курстары қазақ биінің композициясынан бастау алып, алдағы уақытта халық сахналық биіндегі композициялардың, өзбек халық билерінің стильдік ерекшеліктерін талқылау жоспарлануда.
Сонымен қатар, 30 қазан күні Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 80 жылдығына арналған «ӘБІРОВ ӘЛЕМІ» жобасы аясында ұйымдастырылатын «Көп мәдениетті қоғамдағы өнер: салт-дәстүрлер және инновациялар» атты IV халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізіледі.
«Бүгіннен бастап екі апта көлемінде хореография бойынша біліктілікті арттыру курсы өтпек. Аталмыш іс-шараға Грузия, Әзербайжан сияқты елдің түкпір-түкпірінен шеберлік сыныбын өткізуге 50 шақты атақты хореографтар келді. Семинар ойдағыдай аяқталып, қатысушылар қолдарына көптен күткен сертификаттарын сәтті алса деп тілек білдіреміз»,-деді Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Қымбат Балажанова.
Бөлісу: