Қыз бала денсаулығы – ұлт болашағының кепілі



    • Қыз бала денсаулығы – ұлт болашағының кепілі

      18 қазан күні QyzPU-да Менталды денсаулықты дамыту орталығының ұйымдастыруымен Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің құрамындағы кәсіби білім беру колледжі студенттеріне «Қыз бала денсаулығы – ұлт болашағының кепілі» тақырыбында кездесу өткізілді.

      Мақсаты – студенттерің менталды денсаулығын сақтауға көмектесу және  оқу процесіне толық зейін қоюға мүмкіндік жасау. Іс-шараға «A Clinic»  медицина орталығындағы Терапия бөлімінің меңгерушісі Абзалиева Ерке Рахимовна, жалпы практика дәрігері Тулегенова Айман Максетовна және дәрігер-гинеколог Сартай Нурила Нурмухамбетқызы қатысты.

      Кездесуде Менталды денсаулықты дамыту орталығының психологы Әмірова Кәмшат Қарабекқызы студенттерге бейімделу барысында туындаған мәселелер бойынша орталық мамандарының қызметін тегін қолдана алатынын айтты.

      Сонымен қатар дәрігерлер студенттерге жеке гигиена, әйел организмінің  анатомиялық, физиологиялық және функционалдық  ерекшеліктері, жасөспірімдер арасында ерте жүктіліктің алдын алу тақырыптарында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, әлеуметтік бейнероликтер көрсетті.

      Кездесу соңында студенттер дәрігерлерге көкейкесті сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.

      Айта кетейік, колледж студенттерінің аталмыш емханадан медициналық қызметтермен қатар стоматологиялық қызметтерді де тегін қолдануға мүмкіндіктері бар.

       

      Бөлісу: