Ғылыми зерттеу жұмысы бойынша кафедралар рейтингі жарияланды



    • Ғылыми зерттеу жұмысы бойынша кафедралар рейтингі жарияланды

      АЛМАТЫ. 11 қаңтар. Баспасөз орталығы – Ғылыми зерттеу жұмысы бойынша Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті кафедраларының 2020 жылдың төртінші тоқсанындағы рейтингісі жарияланды.

      Сараптама нәтижесі (алғашқы бестік):

      • 1-орын – Қазақ әдебиеті кафедрасы (жалпы балы: 356);

      • 2-орын – Химия кафедрасы (жалпы балы: 258);

      • 3-орын – Физика кафедрасы (жалпы балы: 221);

      • 4-орын – Информатика және қолданбалы математика кафедрасы (жалпы балы: 206);

      • 5-орын – Жалпы педагогика кафедрасы (жалпы балы: 120).

      Жүргізілген сараптамаға сәйкес Хореография және мәдени тынығу жұмысы, Практикалық шетел тілі, Қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедралары төмен көрсеткіш көрсеткен.

      Рейтинг қорытындысы 13 бағалау көрсеткіші бойынша шығарылды. Олардың қатарында ғылыми бағыт бойынша атқарылған жұмыс, индекстелетін журналдар мен ғылыми басылымдардағы жарияланым саны, қорғауға алынған құжаттар, стартап жобаларды жүзеге асыру, ғылыми конференцияларды ұйымдастыру сынды басым бағыттар бар.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

      e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com

      Бөлісу: