Менталды денсаулық орталығының медбикесі студенттермен кездесті



    • Менталды денсаулық орталығының медбикесі студенттермен кездесті

      17 қазанында №3 Студенттер үйінде Менталды денсаулық орталығының медбикесімен студенттердің кездесуі өтті. Іс-шараның мақсаты – студенттер

      арасында физикалық және менталды денсаулықтың маңыздылығын арттыру болды.

      Медбике аурулардың алдын алу, дұрыс тамақтану және тұрақты медициналық тексерулердің маңыздылығы туралы дәріс оқыды. Сондай-ақ студенттерге күзгі-қысқы маусымда иммунитетті нығайту және салауатты өмір салтын ұстану бойынша ұсыныстар берілді.

      Дәрістен кейін студенттер денсаулыққа қатысты жеке сұрақтарына кеңес алған сұрақ-жауап сессиясы өтті.

       

      Бөлісу: