Көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы өтті



    • Көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы өтті

      15 қазан күні Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «Көркемсөз оқу шеберлері» атты қалалық байқау өтті.

      Байқаудың мақсаты - көпшілікке көркем әдебиетті, қазақ қаламгерлерінің шығармашылық мұрасын насихаттау. Сондай-ақ жастар арасында кітап оқу мәдениетін дамыту, қазақтың ұлттық  өнеріне, әдебиеті мен тіліне деген ықыласын арттыру.

      Іс-шара Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласының Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын бекіту туралы» қаулысын жүзеге асыру мақсатында ұымдастырылды.

      Байқауға Алматы қаласының әр ауданынан 15-30 жас аралығындағы 2 талапкерден қатысты. Сайыс 3 кезеңнен тұрды: прозалық шығармадан үзінді оқу; драмалық шығармадан үзінді оқу; поэзиялық шығарма оқу.

      Қазылар алқасы құрамында белгілі әдебиетші ғалымдар, ақын-жазушылар мен өнер қайраткерлері,  қоғамдық ұйымдардың өкілдері болды. Ал көрермен және құрметті қонақ ретінде мемлекеттік мекемелердің ресми өкілдері, ғалымдар, ақын-жазушылар, өнер қайраткерлері, қоғамдық ұйымдардың жетекшілері, БАҚ өкілдері, әдебиет сүйер қауым мен студент жастар шақырылды.

      Байқаудың қорытындысы бойынша №206 мектеп-гимназиясының оқушысы Оңғарбай Фариза - III орын,  №13 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Досанов Рамазан - II орын, Әл-Фараби атындағы №145 мектеп-гимназия оқушысы Мажит Нұртуған - I орынды иеленді.

      Ал бас жүлде М.Базарбаев атындағы №138 гимназиядан келген қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі  Қуандық Зәкеновке бұйырды. «Бүгін Алматы қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен байқауға қатысып, бас жүлдені иелендім. Әрине оңай болған жоқ. Қарсыластар өте мықты. Бірақ дайындықтың арқасында жақсы өнер көрсеттім деп ойлаймын. Өте қуаныштымын. Ұйымдастырушыларға, қазылар алқасына алғысым шексіз»,-деді байқау жеңімпазы.

      Барша жүлдегерлерді шын жүректен құттықтай отыра, шығармашылық табыстар тілейміз!

       

       

       

       

       

       

       

       

       

       

       

       

       

       

       

       

       

       

       

       

      Бөлісу: