Мектепке дейінгі тәрбиенің  өткені мен бүгіні және болашағы



    • Мектепке дейінгі тәрбиенің  өткені мен бүгіні және болашағы

      15 қазан күні Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 80 жылдық мерейтойына орай «Мектепке дейінгі тәрбиенің  өткені мен бүгіні және болашағы!» атты әдістемелік семинар өтті.

      Педагогика және психология институты Мектепке дейінгі білім беру кафедрасының ұйымдастыруымен өткен іс-шараның басты мақсаты - мектепке дейінгі тәрбиенің  дамуына зор үлес қосқан педагог-ғалымдардың өмір жолы мен ғылыми-педагогикалық қызметін насихаттау. Сонымен қатар мектепке дейінгі тәрбиенің өткені мен бүгінін және болашағын талқылау, жас ғалымдар мен зерттеушілердің ғылыми әлеуетін дамыту мәселелері семинарға арқау болды.

      Семинар спикерлері мектепке дейінгі білім беру кафедрасының ірге тасын қалаған және дамуына үлес қосқан, университет қабырғасында  35 жылдан астам қызмет еткен профессор, п..ғ.к. Турскельдина Майра Темирхановна, Татьяна Александровна Левченко, Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, п.ғ.д. Манкеш Ақсауле Ержанбайқызы болды.

      Сонымен бірге мектепке дейінгі тәрбиенің дамуына үлес қосқан  Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің түлектері, ғалым-педагогтарымыз:  Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, п.ғ.д. Амирова Амина Слямхановна,  п.ғ.к., доцент Таубаева Галия Закарьяновна, п.ғ.к., профессор Искакова Айгул Төлеутаевна және  п.ғ.к., доцент Елькеева Алима Бабановна, п.ғ.к., доцент  Балабаева Айымкул Идрисовналар іс-шараға арнайы шақырылды.

      Спикерлер мен ғалымдар өз баяндамалрын ұсынып, ой бөлісті. Шара соңында  жас ғалымдар мен студенттер зерттеу тақырыптарына байланысты көкейтесті сұрақтарын қойып, тұщымды  жауаптар алды.

       

      Бөлісу: