Студенттермен кездесу өтті
-
10 қазан, 2024
3 қазанда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің PhD докторанты, гуманитарлық ғылымдар магистрі Әл-Фараби Болатжан Нұрбекұлы 1 курс студенттерімен кездесті. Менталдық денсаулықты дамыту орталығы ұйымдастырған іс-шара «Діни экстремизм және терроризмды алдын алу» тақырыбы аясында өтті.
Кездесудің мақсаты – университет студенттері арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, деструктивті діни ағымдардың идеологиясына қарсы иммунитет қалыптастыру, сондай-ақ дәстүрлі құндылықтарды насихаттау мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Кездесу барысында Болатжан Нұрбекұлы ислам дінінің тарихы, қазақ халқының ұлттық құндылықтары, дәстүрлі емес ағымдардың миссионерлік қызметі мен зияны туралы айтты. Сонымен қатар, студенттерге Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңының 7-бабына сәйкес білім беру ұйымдарының аумағында және ғимараттарында діни рәсімдер мен жиналыстар өткізуге және миссионерлік қызметке тыйым салынғаны туралы ақпарат берді.
Кездесу соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптарын алды.
Бөлісу: