"QyzPU Fest" студенттік ұйымдар жәрмеңкесі өтті
-
10 қазан, 2024
2 қазан күні Жастар саясаты орталығының ұйымдастыруымен «QyzPU Fest» студенттік ұйымдар жәрмеңкесі өтті.
Іс-шарада Басқарма төрағасы – Ректор Гүлмира Қанай 1 курс студенттерін белсенді болуға шақырып, оқу жылына сәттілік тіледі.
«QYZPU FEST 2024» – бұл жастардың жаңа идеяларын қолдайтын және шығармашылық еркіндігін дамытатын алаң ғана емес, сондай-ақ олардың университеттік өміріне жаңа серпін беретін маңызды шара. Жәрмеңкеде 15 студенттік өзін-өзі басқару ұйымы өздерін жарнамалап, мақсаты мен міндеттерін таныстырды.
Іс-шара барысында Жастар саясаты орталығы студенттердің белсенділігі мен әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды бастамаларды қолдауға дайын екенін көрсетті. Әрбір шарада студенттер өздерінің көшбасшылық және шығармашылық қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік алды.
Ректор Гүлмира Қанай жыл бойы үздік жұмыс атқарған университет белсенділерін ынталандыру мақсатында арнайы алғыс хаттармен марапаттады.
Кештің демеушілері мен арнайы қонақтары “Беркут тур” және Наурызбай комьюнити орталығы болды. Әр ұйым ерекше қалпымен студенттердің жүрегінен орын алды. Олар студенттерге өз идеялары мен жобаларын ұсынуға, бірге жұмыс істеуге мүмкіндік берді.
Жаңа бастама, қызықты жоба мен белсенді студенттерді біріктірген фест баршаға ұмытылмас әсер сыйлады.
Бөлісу: