АРТ-ТЕРАПИЯ
-
10 қазан, 2024
7 қараша күні QyzPU-да Физика, математика және цифрлық технологиялар институтының студенттерімен “Between is girls” атты арт-терапия өтті.
Іс-шараны Ментальды сауықтыру орталығының коуч-психологы Мусина Сара Смановна жүргізді.
Студенттердің ішкі әлемін, эмоцияларын және өзіндік қабылдауын бейнелеу арқылы түсіну мақсатында өткен шараны Физика, математика және цифрлық технологиялар институтының әлеуметтік және тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасары Айдарбекова Акмарал Абылаевна ұйымдастырды.
«Арт-терапия — сурет салу арқылы адамның ішкі күйін ашып, толғандырған мәселенің шешімін табуға көмектеседі. Студенттерімді қатты жақсы көремін. Шәкіртеріміздің өміріне бей-жай қарамауымыз қажет. Біз психологиялық тұрғыдан мықты болғанда ғана ойлаған арман-мақсаттарымызға оңай жете аламыз. Алдағы уақытта өз-өзіңді тануға көметесетін осындай іс-шараларды жиі ұйымдастыру жоспарда бар», – деді Акмарал Айдарбекова.
Іс-шара соңында студенттер коуч-психолог Мусина Сара Смановнаға көкейдегі сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптар алды.
Бөлісу: