«STARTUP-TOMIRIS» байқауының жеңімпаздары анықталды



    • «STARTUP-TOMIRIS» байқауының жеңімпаздары анықталды

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «STARTUP-TOMIRIS» инновациялық жобалар байқауында «Психология» кафедрасы Педагогика және психология мамандығының 2 курс студенттері жүлделі ІІ-орынды иеленді. Оқытушы Абдраманова Динара Ермаханбетовнаның жетекшілігімен мектепке дейінгі кезеңдегі балалардың танымдық қабілеттерін дамыту мақсатында жасалынған «Әрбір күнге арналған 365 ойын және боямақтар» тақырыбындағы жоба жоғары бағаланды.

      Жеңімпаз студенттеріміз: Аханова Анар, Нұрланқызы Ақерке, Құрманғазиева Адия, Ерболатова Ақбота және Түткібаева Еркеназ. Олардың бұл жетістігі — шығармашылық әлеуетті дамыту мен инновациялық ойлауды қолдайтын байқаудың айқын дәлелі.

      Бөлісу: