QyzPU қызметкерлері «Academic Leadership Institute: Deans' School» бағдарламасына қатысуда



    • QyzPU қызметкерлері «Academic Leadership Institute: Deans' School» бағдарламасына қатысуда

      Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебінің бастамасымен  ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ұйымдастыруымен «Academic Leadership Institute: Deans' School» декандардың кәсіби дамуына арналған жаңа бағдарлама бастау алды. Аталған курс желтоқсан айына дейін жалғасын таппақ.

      Бағдарламаның мақсаты – қазақстандық жоғары оқу орындары көшбасшыларының кадрлық резервін дайындау. Курс аясында тұрақты өзгерістер жағдайында факультеттерді тиімді басқаруға, инновациялық тәсілдер мен технологияларды табысты біріктіруге, сондай-ақ этикалық практиканың жоғары стандарттарын қолдауға мүмкіндік беретін құзыреттерді дамыту да көзделеді.

      «Deans’ School» бағдарламасына Қазақстанның педагогикалық, техникалық, ұлттық, медициналық және жекеменшік жоғары оқу орындарынан, сондай-ақ Қырғызстан университеттерінен 170-тен астам өтінім түсті. Іріктеу процесі барысында аналитикалық эсселерді бағалау және бейне сұхбаттар нәтижесінде 80-ге жуық қатысушы таңдалды. Университеттімізден 6 қызметкер: Абдраймова Мөлдір, Мейркулова Аида, Тулегенов Ердаулет, Аргынбаева Зауре, Сандибаева Назира, Омарбаева Бибіғазиза бағдарламаға қатысуға мүмкіндік алды.

      Бағдарлама 9 модульден тұрады: Білім беру сапасын басқару; Білім берудегі академиялық қызмет және инновация; Білім беруді цифрландыру; Білім берудегі стратегиялық жоспарлау және басқару; Өзгерістер жағдайында көшбасшылық және басқару; Студенттердің жетістіктері; Таланттарды басқару; Зерттеулерді басқару; Институционалдық мәдениет және этика.

      Қызметкерлерімізге сәттілік тілейміз!

       

      Бөлісу: