QyzPU-да профессор Мустафа Демиржидің семинары өтті



    • QyzPU-да профессор Мустафа Демиржидің семинары өтті

      Visiting Professors бағдарламасы аясында Сельджук университетінің профессоры Мустафа Демиржи «Еуроцентризм және Азия тарихы» тақырыбында семинар өткізді.

      Жиынға тарих кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттер қатысты. Семинар барысында еуроцентризм терминінің шығуы мен еуроцентризм түсінігінде Азия тарихының орыны туралы сөз қозғалды.

      Еуроцентризм – негізгі уақыт, тарих және кеңістік арасында географиялық территорияға ие «өркениет көрінісі» екенін айтып өтті. Қазіргі Азия тарихындағы «Таяу Шығыс»  және «Қиыр Шығыс» сияқты географиялық-территориялық атаулар Орталық Еуропаның Еуроцентризм тұрғысынан анықталған. Орталық Еуропа дүниежүзінің центрінде орын алып, ал оны қоршаған басқа елдер екінші және үшінші санаттағы елдер деп қарастырылатындығын түсіндірді. Меркатор проекциясы арқылы сызылған дүние жүзінің картасында Еуропаны әлемнің ортасына қойып өзге мемлекеттерді оның жан-жағына орналастырғаны осы Еуроцентризм көрінісі екенін де жеткізді.

      Семинар барысында профессор Мустафа Демиржи Еуроцентризм зерттеулерін жоққа шығарған ғалымдардың зерттеулерінмен студенттерді жақынан таныстырып, еңбектерін оқуды ұсынды. Қатысушылар мұндай тағылымды кездесудің болашақ тарихшы мамандарға пайдасы мол екенін айтып, өз алғыс білдірді.

      Бөлісу: