QyzPU Брисбен қаласындағы IFLA Саммитіне қатысуда



    • QyzPU Брисбен қаласындағы IFLA Саммитіне қатысуда

      Брисбен қаласында (Австралия) әлемнің 147 елінен келген кітапхана ұйымдарын біріктіретін Халықаралық кітапханалық қауымдастықтар мен мекемелер Федерациясы (IFLA) өткізетін ақпараттық саммиті өтуде.

      Саммиттің мақсаты- ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, әсіресе "жасанды интеллект" қосымшалары дамуының заманауи үрдістерін талдау, оларды түсіну, талқылау және кітапхана пайдаланушыларының әртүрлі санаттарына ақпараттық-кітапханалық қызмет көрсетудің тиімділігін арттыру үшін оларды пайдалану бойынша ұсыныстар мен шешімдерді әзірлеу болып табылады.

      Саммитке QyzPU Ғылыми кітапхана басшысының орынбасары, Қазақстанның жоғары оқу орындары кітапханалары қауымдастығының кітапханалық нормативтік-регламенттеуші құжаттама комитетінің төрағасы П.М. Лапо қатысып жатыр.

      Қауымдастық "Kazakh Tourism" Ұлттық компаниясы АҚ-мен бірлесе отырып, Астана қаласында 2025 жылғы тамызда қатысушылардың саны 3,000-4,000-ға жуық адам болатын "Білімді біріктіре отырып, болашақты құрамыз" 89-шы Дүниежүзілік кітапханалық-ақпараттық конгресін өткізуге бастамашы болды.

      Саммит шеңберінде IFLA мен қауымдастық арасында Астанада Конгрессті дайындау және өткізу жөніндегі міндеттерді бөлу туралы шартқа қол қою жоспарланған. Посткеңестік территорияда Конгресс Мәскеу екі рет (1970 және 1991 жылдары) өтті.

      28 қыркүйекте П. М. Лапо Азия және Океания елдері бойынша IFLA Өңірлік комитетінің отырысына қатысты. Ақпараттық ресурстарды сипаттаудың заманауи әдістерін қолдану және аймақ кітапханашылары үшін discovery tools деп аталатын заманауи ақпараттық іздеу құралдарын пайдалану бойынша вебинарлар өткізуге жауапты.

       

      Бөлісу: