Студенттермен профилактикалық кездесу өтті



    • Студенттермен профилактикалық кездесу өтті

       25 қыркүйек күні 1 курс студенттері Психикалық денсаулық орталығының психолог маманы Сара Мусина Смановнамен кездесті. Жиында «SMART мақсаттары бойынша тұлғаны қалыптастыру және ойынға тәуелділік пен аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу» тақырыбы аясында  сөз қозғалды.

      Жастарға психологиялық қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған іс-шара ашық микрофон әдісі арқылы өтті. Сара Сманқызы 11-18 жас аралығында кездесуі мүмкін психологиялық жарақат  – реніш, сезімталдық, жүктілік сияқты ауқымды проблемаларды қозғап, олардың алдын алудың маңыздылығына тоқталды. Отбасылық өмірге дайындық туралы көптеген пайдалы кеңестер айтылып, маман жастарды толғандырған сұрақтарға жауап берді. 

                                                        

      Сонынмен қатар жиында  «Психикалық сау адам деген кім?» деген сұрақ талқыланды. Білім алушыларды  рухани тұрғыда мықты болуға,  өз мүмкіндіктерін дұрыс пайдаланып, қоғамға елеулі үлес қосатын қамқор және эмпатиялық адам болуға шақырды. Құмар ойындарға тәуелділіктің және аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу жолдарымен де бөлісті.

                                                                                

      Кездесу соңында  қатысушылар мұндай шаралардың психикалық денсаулықты дамытуға маңызды қадамы екенін атап өтті. 
      Алдағы уақытта Психикалық денсаулық орталығы студенттердің жеке тұлға ретінде қалыптасуына оң септігін тигізетін шеберлік сағаттары мен тренингтер ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

      Бөлісу: