Qyzpu hr департаменті қызметкерлері республикалық hr-форумға қатысты
-
27 қыркүйек, 2024
Сәтпаев университетінде Ғылыми ұйымдар мен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының республикалық hr-форумы өтті.
Форумға QyzPU HR департаментінің директоры Юлия Вячеславовна Микропуло, Іріктеу және таланттарды басқару бойынша аға менеджері Шолпан Кадиржановна Рысжанова қатысты. Сондай-ақ іс-шараға ҚР Ғылым және жоғары білім министрлік өкілдері, еліміздегі ғылыми институттар мен университеттердің HR бөлімдерінің басшылары мен қызметкерлері қатысты.
Форум барысында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Даму және персоналды басқару департаментінің директоры Айнұр Мырзабекова, Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Артур Еділханов, Тәртіптік өндіріс және ведомстволық бағынышты ұйымдармен жұмыс жүргізу басқармасының басшысы Роза Акулова сөз сөйлеп, заманауи білім беруде HR саласының алдында тұрған міндеттерге тоқталды.
Юлия Микропуло және Шолпан Рысжанова ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі атынан Қазақстан Республикасының білім және ғылым саласын дамытуға және алға жетелейтін мықты ұжымды қалыптастыруға елеулі үлес қоса отырып, өркендеу жолында атқарған абыройлы еңбегі мен адал қызметі үшін Алғыс хатпен марапатталды.
Іс-шара аясында қатысушылар заманауи университет стратегиясын өзгертудің әртүрлі аспектілерін және осы үдерісте университеттің іскер серіктесі ретінде HR-бөлімінің жаңа рөлін талқылады. Сондай-ақ персоналды басқару саласындағы өз тәжірибелерімен, қиындықтарды шешудегі жеке тәсілдері жайлы өзара пікір алмасты.
Университет атынан Юлия Микропуло мен Шолпан Рысжанованы шын жүректен құттықтай отырып, алдағы еңбектеріне тек қана табыстар тілейміз!
Бөлісу: