«Көшпенділер ғаламы» кездесуі өтті



    • «Көшпенділер ғаламы» кездесуі өтті

      Іс-шараға QyzPU профессоры, Қазақ күресі Федерациясының тұңғыш президенті, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ерғали Мухитдинов қатысты. Профессор Астана қаласында өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойынына арнайы шақырумен қатысқан болатын.

      Жастар саясаты орталығы мен Педагогика және психология институтының Дене шынықтыру және спорт кафедрасының ұйымдастыруымен өткен іс-шараның басты мақсаты – халықаралық ынтымақтастықты нығайту.

                                                       

      «Астана қаласына арнайы шақыртумен барып, тартысты сайысты басынан аяғына дейін тамашаладым. Көшпенділер ойындарына 89 елден келген спортшы қатысты. 21 спорт түрінен біздің спортшыларымыз басым түсіп, командалық 1-орынға ие болды. Барлығы 112 медаль қоржынға салынды. Біздің бұл додаға баруымыздағы негізгі мақсат – V Дүниежүзілік көшпенділер ойынынын өз көзімізбен көріп, жас буынға насихаттау», — дейді Ерғали Мухитдинов.

                                                                                

      Айта кетейік, Педагогика және психология институты Дене шынықтыру және спорт білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Мироболдаева Аружан V Дүниежүзілік Көшпенділер сайысында садақ ату бойынша университет намысын қорғады. Өз кезегінде университет басшылығы арнайы сыйлықтар тарту етті.

      Бөлісу: