QyzPU профессоры V Дүниежүзілік көшпенділер ойынына арнайы шақырылды
-
24 қыркүйек, 2024
Қазақ күресі Федерациясының тұңғыш президенті, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ерғали Мухитдинов Астана қаласында өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойынына арнайы шақырумен қатысты.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары – этникалық спорт түрлері бойынша өтетін халықаралық сайыс. QyzPU-дан шараға арнайы барған Қазақ күресі Федерациясының тұңғыш президенті Ерғали Мухитдинов сайысты тамашалаудан алған өзінің ерекше әсерімен бөлісті.
«Астана қаласына арнайы шақыртумен барып, V Дүниежүзілік көшпенділер ойынынын басынан аяғына дейін өз көзіммен тамашаладым. Алған әсерім керемет! Спорттың 21 түрінен өткен биылғы сайысқа 89 елден 2000-нан аса қатысушы келді. Бәрі кіл мықтылар. Бұл ойындарда қатысушылар өздерінің бай мәдениетін және тарихын көрсету мүмкіндігіне ие», – деді ол. «Қазанат» ипподромы аумағында «Көшпенділер әлемі» этноауылы құрылды. «Ұлтаралық бірлікті нығайту мақсатында ұйымдастырылған этноауылдағы іс-шараларға да қатыстым.Әрбір облыстан 3 үйден тігілген. Барлығының жақсы дайындықпен келгені бірден байқалды. Осылардың арасында Алматы қаласы атынан тігілген үй қатты ұнады», – дейді Ерғали Мухитдинов.
Барлығының жақсы дайындықпен келгені бірден байқалды. Осылардың арасында Алматы қаласы атынан тігілген үй қатты ұнады», – дейді Ерғали Мухитдинов. Айта кетейік, жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 44 алтын, 33 күміс, 37 қола медаль еншілеп, жалпыкомандалық есепте 1-орынға жайғасты.
Бөлісу: