№5 Студенттер үйінде алғашқы жиналыс өтті
-
23 қыркүйек, 2024
17 қыркүйектен бастап 1 курс студенттерін университет орталықтары және қауіпсіздік ережелерімен таныстыру мақсатында жалпы жиналыс өткізіліп жатыр.
Менталды денсаулықты дамыту орталығы басшысы Ақылбек Абдулкадырұлы Менталды денсаулықты дамыту орталығында білім алушыларға бейімделу процесінде көмек көрсететін мамандар бар екенін айтты. Сонымен қатар студенттердің менталды денсаулығын баланста ұстау үшін физикалық жағдайдың маңыздылығы, ол үшін орталықта медициналық қызметтер тегін көрсетілетіні, кез келген уақытта медициналық көмекке жүгіне алатындары да айтылды.
Жастар саясаты бөлімінің басшысы Мейрамгүл Бақытжанқызы жатақханада тұру ережесі, әдеп кодексі, академиялық адалдық туралы және университеттің миссиясымен таныстырды. Жастар саясаты орталығындағы түрлі ұйымдарға тіркеліп, студенттерді белсенді болуға шақырды.
Қауіпсіздік бөлімі бастығының орынбасары Бауыржан Мұзафарұлы студенттерге қауіп-қатерлерден қорғану ережелерін түсіндірді. Кәмелеттік жасқа толмаған студенттерге түнгі сағат 22.00-ден кейін жүруге тиым салынатынын баса атап өтті. Әлеуметтік желі, ұялы телефондағы алаяқтар туралы, осы жағдайда түрлі бопсалау фактілеріне түсіп қалмау үшін оның алдын алу жолдарымен бөлісті. Университет қызметкерлері тарапынан және студенттер арасында өзара сату-сатып алу жұмыстарын жасауға қатаң тиым салынатыны туралы да айтылды.
Студенттерге өрт және сейсмоқауіпсіздік нұсқаулықтарын жүргізу жұмыстары бойынша ережелерді Тіршілік қауіпсіздігі бөлім басшысы Олжас Манарбекұлы таныстырды. Сонымен қатар Студенттер үйінің менеджерлері және Институттардағы директордың орынбасарлары 1 курс білім алушыларына жатақхана және оқу корпустарын таныстырып, студенттерді тазалық пен ұқыптылыққа, бір-біріне сыйластық танытуға шақырды.
Бөлісу: