«Дін және жастар» тақырыбында кездесу өтті



    • «Дін және жастар» тақырыбында кездесу өтті

      2024 жылғы 20 қыркүйекте «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің аға оқытушысы, теология ғылымдарының PhD докторы Имаммәди Түсіпханмен кездесу өтті. 1 курс студенттеріне «Дін және жастар» тақырыбында дәріс оқылды.

       Шараны Менталдық денсаулықты дамыту орталығы ұйымдастырды. Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, деструктивті діни ағымдардың идеологиясына қарсы иммунитет қалыптастыру, сондай-ақ дәстүрлі құндылықтарды насихаттау мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

                                                         

      Кездесу барысында Имаммәди Түсіпхан ислам дінінің тарихы, қазақ халқының ұлттық құндылықтары, дәстүрлі емес ағымдардың зияны туралы айтып, ұлттық киімдер тақырыбын да қозғады. Лектор студенттерге білім беру мекемелерінде хиджаб киюден бас тартып, қазақтың дәстүрлі киім үлгілеріне мән беру керектігін айтты.

      Сонымен қатар студенттерге Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңының 7-бабына сәйкес білім беру ұйымдарының аумағында және ғимараттарында діни рәсімдер мен (немесе) жиналыстар өткізуге, сондай-ақ миссионерлік қызметке тыйым салынғаны туралы ақпарат берілді.

      Кездесу соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптар алды.

       

       

       

      Бөлісу: