QyzPU-да «Тоғызқұмалақтан»  жарыс өтті



    • QyzPU-да «Тоғызқұмалақтан»  жарыс өтті

      «Жастар саясаты» орталығы және спорт кафедрасынының  ұйымдастыруымен «Тоғызқұмалақ» ойыны өтті. Тоғызқұмалақ – ұлттық мәдениетті дәріптеудің, жастар арасында өзара түсіністік пен достықты нығайтудың айқын көрінісі. 

      Спорттық шара Тоғызқұмалақ күні аясында, сондай-ақ V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын қолдау мақсатында ұйымдастырылды. Шараның ашылуында Қазақ күресі Федерациясының тұңғыш президенті, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ерғали Мухитдинов сөз сөйледі.

                                                      

      Адамның ойлау қабілетін дамытып, стратегиялық жоспарлауға дағдыландыратын ойынның негізгі мақсаты – қарсыластың құмалақтарын ұтып алу. «Тоғызқұмалаққа деген қызығушылығымды ата-анам оятты. Қазақтың ұлттық ойындарының ішінде осы ойынды ерекше сүйемін. Мұндай шаралардың өткізілуі ұрпақтар арасындағы байланысты және ұлттық дәстүрді сақтауға үлкен септігін тигізеді», – дейді Физика, математика және цифрлық технологиялар институтының 1 курс студенті Қарақат Асқарбай.

                                                                                 

      Жарыста қыздар шеберлігін көрсетті. Сайыстың қорытындысы бойынша бірнеше дарынды ойыншы жүлделі орындар алып, құрмет грамоталарымен марапатталды. Тартысты ойында оқ бойы озық шығып 1-орынды қанжығасына байлаған Физика, математика және цифрлық технологиялар институтының Ермек Гауһар пікірімен бөлісті. «Қарсыластар өте мықты болды. Десе де жүлделі 1-орынды иелендім. Қуанышымда шек жоқ. Ұйымдастырушыларға айтар алғысым шексіз», – деді студент.

      Бөлісу: