Сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адалдық сағаты» өтті
-
17 қыркүйек, 2024
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде 1 курс студенттеріне «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңды негізге ала отырып, құқықтық ақпарат беру жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіледі.
Саяси өмірден хабардар жеке тұлғаны қалыптастыру үшін өткен «Адалдық сағатын» Жастар саясаты орталығы ұйымдастырды. Іс-шараға Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің басшысының бірінші орынбасары Ғалымов Жарқын Сайлауұлы, Стратегиялық Даму және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректор Рысбекова Жанар Қасымбекқызы, Комплеанс-маман Саухымов Архимед Өмірзақұлы қатысты. Спикелер білім алушыларға сыбайлас жемқорлыққа жол бермеудің маңызы жөнінде айтып, парасаттылық қағидаттарын жүзеге асыру және таратудың рухни қажеттігін насихаттады.
QyzPU Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бойынша комплаенс-маманы Саухымов Архимед Өмірзақұлы мұндай кездесу жыл сайын өткізілетінін атап өтті.
«Жаңа оқу жылы басталған сайын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл негізінде осындай маңызды іс-шаралар ұйымдастырып тұрамыз. Мұндағы негізгі мақсат – студенттердің бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптастыру. Мұндай тәрбие жұмыстарының пайдасы зор. Университет ұжымымен бірлесе, білім алушылардың болашағы үшін тынбай еңбек етуіміз қажет», – дейді.
Шара соңында қатысушылар спикерлерге көкейкесті сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптар алды. Сондай-ақ көпшіліктің назарына Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйенің жұмысы туралы бейнеролик ұсынылды.
Бөлісу: