QyzPU ұжымы 60 жас мерейтой иелерін құттықтады



    • QyzPU ұжымы 60 жас мерейтой иелерін құттықтады

      Білім ордасының 80 жылдық мерейтойы қарсаңында университеттің өркендеуіне ұзақ жылдар сүбелі үлес қосқан ғалымдар - Тұрсынай Бейсембекқызы Байназарова мен Қажмұқан Оразұлы Кішібаевты мерейлі 60 жасқа толуымен    Ғылыми Кеңес мәжілісінде  Басқарма Төрағасы-Ректор Гүлмира Қанай құттықтады. 

      Тұрсынай Бейсембекқызы – педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор м.а., университеттің 1987 жылғы түлегі әрі 30 жылдан астам болашақ педагог мамандарды даярлауға аянбай еңбек етіп келе жатқан ұстаз.

      Қажмұқан Оразұлы – химия ғылымдарының кандидаты, оқу орнының тарихында Жаратылыстану факультетін ұзақ жылдар абыроймен басқарған білікті басшы әрі ғалым. Бүгінде педагог мамандарды даярлау жолында аянбай еңбек етіп келе жатқан ұстаз.

      Тұрсынай Бейсембекқызы мен Қажмұқан Оразұлына ел болашағы - жастарымыздың білімі мен тәрбиесіне құятын өнегеге толы ғалымдық, ұстаздық игілікті істеріне мол  жеміс, жаңа жетістіктер мен толағай табыстар тілейміз!

      Бөлісу: