Педагогикалық қайта даярлау бағдарламасын аяқтаған тыңдаушыларға сертификат табысталды



    • Педагогикалық қайта даярлау бағдарламасын аяқтаған тыңдаушыларға сертификат табысталды

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде Педагогикалық қайта даярлау бағдарламасын аяқтаған тыңдаушыларға меңгерген пәндері көрсетілген сертификаттар табысталды. 2023-2024 оқу жылы бағдарламаны 30 тыңдаушы төмендегі мамандықтар бойынша аяқтады:

      • «6В01504 – Физика»
      • «6В01506 – Информатика»
      • «6В01705 – Шетел тілі: екі шетел тілі» (ағылшын тілі)
      •  «6В01509 – Биология»

      Педагогикалық қайта даярлау бағдарламасын педагогтік білімі жоқ, тиісті бейіні бойынша педагогтің кәсіптік қызметіне алғаш рет кірісетін кәсіптік білімі бар адамдар оқи алады.

      Тыңдаушылар оқу бағдарламасы бойынша  9 ай бойы білім алды. Оның 4 айы теория, 5 айы практика. Бағдарлама педагогикалық дағдылардың интенсивті тәжірибесі мен мамандар қажеттілігіне бағытталған.

      Қайта даярлау бағдарламасын сәтті аяқтаған барша тыңдаушыларды құттықтай отырып, алдағы жұмыстарына табыстар тілейміз!

      Бөлісу: