ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚҰРЫЛҒАНЫНА 80 ЖЫЛ ТОЛДЫ
-
18 тамыз, 2024
Бүгін Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің құрылғанына 80 жыл толды.
1944 жылғы 15 тамызда ҚазССР Халық Комиссарлар Кеңесінің қазақ қыздарынан жоғары дәрежелі мамандар даярлау туралы №457 қаулысы негізінде институт болып ашылды. Институттың алғашқыдиректоры болып Құрманғали Оспанов сайланды. Сол жылдың қыркүйек айында институтта Физика-математика, Тіл-әдебиет және Тарих факультеттері ашылып, 100 студент оқуға қабылданды.
Университет сегіз онжылдық бойы еліміздегі білім беру жүйесін дамытуға тірек болды. Жыл сайын өзінің позициясын нығайта отырып,жаһандық өзгерістерді басқара алатын педагогтердідаярлап келеді. Ұлт зиялылары қызмет атқарған ұлағат ұясында осы уақыт аралығында 70 мыңнан астам білікті маман білім алды. Олардың ішінде Нұртазина Рафиқа Бекенқызы, Асанғазы Оразкүл Асанғазықызы, Асылы Осман Әлиқызы, Жадрина Мақпал Жұмабайқызы, Ұзақбаева Сақыпжамал Асқарқызы, Бақтыгереева Ақұштап Бақтыгерейқызы, Исағұлова Ағайша Шермұхамбетқызы, Ералиева Мәдина Есмалайқызы сынды белгілі тұлғалар бар.
Бүгінде университет құрылымында 5 институт, 24 кафедра бар және 8600 студент оқиды. QyzPU әлемнің 19 елімен, 62 келісімшарт аясында халықаралық ынтымақтастық байланыс орнатқан.2023 жылы шетелдік әріптестермен 10 жаңа ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды және 69 студент шетелге оқуға жіберілді.
2023 жылы университеттің 15 білім беру бағдарламасы Германиядағы ACQUIN ықпалды халықаралық аккредиттеу агенттігінің аккредитациясынан сәтті өтті. Жаһандық Times Higher Education Impact Rankings рейтингіне екіжыл қатарынан енді. Бұл – жоғары оқу орныныңжетістіктерінің бір бөлігі ғана.
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті - үлкен жетістіктер мен жаңа белестердің тарихы. 80 жыл - ұлы жолдың басы ғана. Біз болашақтың көшбасшыларын дайындап, жетістіктерге шабыттандырып, Қазақстанның және әлемнің гүлденуіне негіз жасаймыз.
Қыздар университетімен бірге жаңа биіктергежол аш!
Бөлісу: