QyzPU тарихындағы алғашқы коммерцияландыру гранты



    • QyzPU тарихындағы алғашқы коммерцияландыру гранты

      QyzPU өз тарихында алғаш рет 2024-2026 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландырудың неғұрлым перспективалы жобаларын гранттық қаржыландыруға арналған конкурста коммерцияландыруға грант алғанын қуана хабарлаймыз. Аталған байқауды “Ғылым Қоры” АҚ ұйымдастырды.

      Грант иегері “Қазақ тілін оқытудың теориясы мен әдістемесі” кафедрасының профессоры, ғылым кандидаты Лира Әбділдабекқызы Ибраймова. Жоба атауы: “Turatalk”: қазақ тілін онлайн оқытудың инновациялық платформасы”. Жобаға бизнес-серіктестің қаражатын  тартуды қоса есептегенде 528 590 836 теңге көлемінде қаржы бөлінеді.

      Жоба аясында қазақ тілін тиімді және қолжетімді үйренуге арналған заманауи онлайн платформа құрылатын болады. Тәжірибелі лингвистер, әдіскерлер және IT-мамандардан тұратын команда заманауи білім беру стандарттарына сәйкес келетін жоғары сапалы контентті әзірлеумен айналысады.

      Біз " Turatalk " платформасы қазақ тілі мен мәдениетін нығайту мен таратуға негіз болады деп сенеміз. Бұл жоба тілді үйренушілерге, олардың орналасқан жері мен дайындық деңгейіне қарамастан, жаңа мүмкіндіктер ашады.

      Лира Әбділдабекқызын және жоба командасын осы тамаша жетістігімен құттықтаймыз!

      Бөлісу: