QyzPU Қазақстандағы жоғары педагогикалық оқу орындарының жалпы рейтингінде 2 орынды иеленді



    • QyzPU Қазақстандағы жоғары педагогикалық оқу орындарының жалпы рейтингінде 2 орынды иеленді

      Білім беру сапасын қамтамасыз ету тәуелсіз агенттігі (IQAA-Ranking) жүргізген Қазақстандағы жетекші университеттердің ұлттық рейтингі – 2024 нәтижелері жариялады.

      Қазақстандағы жоғары педагогикалық оқу орындарының жалпы рейтингінде Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті 2 орынды иеленді.

      Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттік – рейтинг (IQAA-Ranking) он алтыншы жыл қатарынан Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының Ұлттық рейтингінің нәтижелерін ұсынады.

      Алты санат бойынша институционалдық рейтингке 51 университет қатысты: көпсалалы, техникалық, гуманитарлық-экономикалық, педагогикалық, медициналық және өнер университеттері, білім беру бағдарламалары рейтингіне 32 жоғары оқу орны қатысты.

      Дәстүр бойынша сауалнама жұмыс берушілер, академиялық ортаның сарапшылары, жоғары оқу орындарының студенттері мен түлектері арасында жүргізілді. Сауалнамаға барлығы 962 ұйым – жұмыс берушілер өкілдері, 267 сарапшы, 19 270 студент және 3 941 түлек қатысты. Сондай-ақ сауалнамаға мемлекеттік органдар – Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі, облыс әкімдіктері қатысты.

      Бөлісу: