Республикалық жас ғалымдар байқауының кезең жеңімпаздары іріктелді
-
23 желтоқсан, 2020
АЛМАТЫ. 23 желтоқсан. Баспасөз орталығы – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің жанынан құрылған Қазақстан жас педагог ғалымдары Қауымдастығының бастамасымен отандық жоғары оқу орындары оқытушыларының арасында республикалық байқау қолға алынды.
Басты мақсат – білім және ғылым саласында қызмет атқаратын жастардың зияткерлік әлеуетін дамыту, олардың жаңа білім мен технологияларды меңгеруге тарту және заманауи жас ғалым моделін қалыптастыру.
Нұрсұлтан Назарбаев Қорының қолдауымен ұйымдастырылған сайыстың алғашқы кезеңі аяқталып, екінші кезеңге жолдама алғандардың есімдері белгілі болды.
Олар:
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті – А. Төлегенова;
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті – Г. Сағынадин;
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті – А. Зобина;
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті – Д. Батаева;
А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті – В. Бежина;
А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті – Қ. Бектұрғанов;
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті – Т. Салимов;
Ш. Есенов атындағы университет – Н. Ыбырайқожа.
Байқауға қатысушыларды түрлі критерийлер бойынша Нұрсұлтан Назарбаев Қорының өкілдері, білім және ғылым саласындағы түрлі ұйымдардың басшылары мен Қазақстан жас педагог ғалымдары Қауымдастығының мүшелері бағалады.
Жас оқытушылар конкурс барысында байқауға қатысудағы басты мақсаты туралы арнайы шығарма және педагогикалық білім берудегі мәселе турасында эссе жазып, авторлық курсы мен жобасы туралы презентация қорғайды. Сонымен қатар жас оқытушылар өз пәні бойынша TED форматында мотивациялық дәріс оқуы тиіс.
Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі
Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07
e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com
Бөлісу: