«Startup-Tomiris» байқауының жеңімпаздары анықталды
-
23 желтоқсан, 2020
АЛМАТЫ. 23 желтоқсан. Баспасөз орталығы – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің білім алушыларының ғылыми әлеуетін көтеріп, жастардың шығармашылық қарым-қабілетін арттыруды мақсат еткен «Startup-Tomiris» инновациялық жобалар байқауының жеңімпаздары анықталды.
Төрт кезең бойынша ұйымдастырылған дәстүрлі сайысқа оқу орнының студенттері мен магистранттарынан жалпы саны 25 жұмыс келіп түскен.
Конкурсқа ұсынылған ғылыми жобалардың ішінен 7 жұмыс үздік деп танылып, оларды нақты жүзеге асыруға жолдама берілді.
Бірінші орын – Айхан Касимова, Жаратылыстану институтының 2-курс студенті.
Жоба атауы: «Жуынуға арналған қатты сабындарды өз қолымен өндіру».
Ғылыми жетекшісі: Нұргүл Амангелді.
Екінші орын – Назерке Мұқаш, Филология институтының 3-курс студенті.
Жоба атауы: «Q-IT көмек».
Ғылыми жетекшісі: Жәмила Отарбекова.
Екінші орын – Анар Аханова, Әдия Құрмақазыбаева, Ақерке Нұрланқызы, Ақбота Ерболатова, Еркеназ Түктібаева, Педагогика және психология жоғары мектебінің 2-курс студенттері.
Жоба атауы: «365 күн боямақпен бірге».
Ғылыми жетекшісі: Динара Абдраманова.
Үшінші орын – Әсемгүл Біләл, Маржан Тойлыбаева, Жаратылыстану институтының 2-курс студенттері.
Жоба атауы: «Зертханалық сабақтарда қолданылатын тірі объектілерді өсіру».
Ғылыми жетекшісі: Дариға Батаева.
Үшінші орын – Анель Хамза, Филология институтының 1-курс студенті.
Жоба атауы: «IQ History».
Ғылыми жетекшісі: Сафура Қалдыбаева.
Үшінші орын – Тұрдыгүл Қалбаева, Өнер және менеджмент институтының 1-курс студенті.
Жоба атауы: «Қолданбалы өнерді компьютерлік графика арқылы жобалап, жастардың рухани құндылықтарын жетілдіру».
Ғылыми жетекшісі: Рахия Дарменова.
«Алғыс хатпен» марапатталған – Айнұр Жүсіп, Филология институтының 3-курс студенті.
Жоба атауы: «Уes: Saqta! Jatta!».
Ғылыми жетекшісі: Тыныштық Ермекова.
Айта кетейік, дәстүрлі байқаудың мақсаты – жас ғалымдардың жасампаздық әлеуетін дамыту, оларды заманауи ғылымның маңызды мәселелерін шешуге белсенді түрде тарту, университет білім алушыларының шығармашылық қабілетін ашу және инновациялық кәсіпкерлікке тарту. Сонымен қатар жастардың әлеуметтік бағыттағы кәсіпкерлік мәдениеті мен көшбасшылық дағдыларын қалыптастыру, бизнес қауымдастықтарымен және өзге мүдделі тараптармен байланыс орнату.
– Жастардың шығармашылық, ғылыми-зерттеу жұмыстарын насихаттау мен оны кең көлемде жариялауда, олардың тұлғалық дамудың тәсілі ретіндегі жобалық зерттеу іс-әрекеттеріне тартуда және білім беру үрдісінің тиімділігін көтеру мен қолданбалы ғылымға деген қызығушылықтарын дамытуда осы тақілеттес жиындардың маңызы зор, – дейді шара ұйымдастырушылары.
Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі
Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07
e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com
Бөлісу: