«Жастар рухы» ұйымының қорытынды кеші



    • «Жастар рухы» ұйымының қорытынды кеші

      «Жастар рухы» ұйымының ұйымдастыруымен қорытынды жиын өткізілді.

      Жиынның негізгі мақсаты - студенттердің жылдық еңбектерін бағалай отыра, ұйымға деген қызығушылығын арттыру.

      Қорытынды кеш "AMANAT" партиясы Алматы қаласы "Жастар рухы" Жастар Қанатының төраға орынбасары Сая Қуанышқызы, "Жастар рухы" Жастар Қанаты Орталық аудандық филиалының төрағасы Айбек Берікболұлы, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттік ректоры Нұрайлым Рахатқызы мен студенттер арасында өтті. Жиында аталған ұйым бойынша 50-ге жуық  белсенді студенттерді марапаттады.

      Марапаттау университет тарапынан, "AMANAT" партиясы, "Жастар рухы" орталығынан берілді. Ең үздік институт номинациясын жаратылыстану институты иеленді.

      Құттықтаймыз!

      Бөлісу: