Жақсы өмір жақсы әдеттерден басталады



    • Жақсы өмір жақсы әдеттерден басталады

      Жастар саясаты орталығының ұйымдастыруымен “BookVibe” жобасы аясында “Жаухар” ұлттық салт-дәстүрді қолдау” қоғамдық қоры мен педагогикалық шеберлік академиясымен бірігіп  белгілі отандық публицист, саясаттанушы, баспагер, бірнеше кітап авторы, AmalBooks баспасының басшысы, «Forbes Kazakhstan» журналының  бас редакторы, қоғам белсендісі - Бақытжан Бұқарбаймен кездесу өтті.

      Кездесуде Абай Құнанбайұлы айтқан Толық адам болмысы, үнемі даму мен білім алу, патриоттық рухты көтерудің маңызы айтылды.

      Ұлтқа қызмет ету деңгейлері ретінде:

      • Микродеңгей: дұрыс mindset-тер мен дұрыс әдеттер;
      •  ⁠Орта деңгей: реактивтен проактивке өту;
      • Макродеңгей:  жергілікті (мысалы, өз өлкеңе), ұлттық (өз ұлтыңа), адамзат (барша адамға) пайда тигізу екендігін атап көрсетті.

      Қатысушылар спикерге сұрақтарын қойып, ұлтқа қызмет ету жайлы түбірлі ойлар айтылып, шабытты оятатын рухани кеш болды.

      Бөлісу: