Жас ғалымдардың жиыны өтеді



    • Жас ғалымдардың жиыны өтеді

      Желтоқсан айының 23-24 күндері Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «Жаратылыстану ғылымдарының даму тенденциясы» атты VII республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді.

      Жаратылыстану институтының Химия кафедрасының ұйымдастыруымен өтетін басқосуға қазақстандық жоғары оқу орындарында қызмет атқаратын жас ғалымдар мен ғылыми зерттеу ұйымдарының өкілдері, докторанттар және магистранттар қатыспақ.

      Жиын жұмысы «Заманауи қоғам: ғылым, техника, білім», «Ғылыми зерттеу жұмыстарының іргелі және қолданбалы мәселелері және оларды шешу жолдары», «Мектепте және ЖОО биологияны, химияны және географияны оқытудың өзекті мәселелері», «Мектеп оқушыларының ғылыми бірлестігі: жаратылыстану ғылымдары» бағыттары бойынша жүргізілмек.

      Конференция ұйымдастырушыларының айтуынша, жас ғалымдардың басын қосып, жаңа ғылыми бастамаларға жол ашатын шара периодтық жүйенің ашылуының 150 жылдығы мен ғалым Дмитрий Менделеевтің туғанына 186 жыл толуына арналған.

      Жаратылыстану ғылымдарының даму тенденциясы» атты VII республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясының ақпараттық хатымен мына жерден танысуға болады.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Бөлісу: