IV Халықаралық ғылыми-практикалық конференция
-
24 сәуір, 2024
“Ғылым декадасы - 2024” аясында “Жастар және ғылым: қазіргі және болашағы” атты IV Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияның негізгі іс-шараларының бірі "UnLearn-ReLearn: transition from Post Soviet to Global Research Standards" тақырыбындағы пленарлық отырыс болды.
Сессияда посткеңестік стандарттарын ғаламдық зерттеу нормаларына көшудің келесі маңызды аспектілері талқыланды:
- Зерттеу жолын қайта қарау: Learn, Unlearn and Relearn
- Білім берудегі сапалы әдістер: контекст арқылы зерттеу
- Академия мен жастар интеллектінің интеграциясы: зерттеу өнерін меңгеру
Спикерлер ретінде сөз сөйледі:
Назипа Аюбаева,"Болашақ" бағдарламасының түлегі
Айгүл Сыздықбаева, университетте он жылдан астам тәжірибесі бар қауымдастырылған профессор
Докторант Данагүл Қошанова өткен жылы Сассекс университетінде тағылымдамадан өту барысында алған тәжірибесімен және білімімен бөлісті.Сондай-ақ әртүрлі секциялар бойынша сессиялар өткізілді, соның ішінде:
- Қазақ филологиясы және әлем тілдері
- Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар
- Ақпараттық технологиялар, физика, математика
- Педагогика және психология
- Химия, биология, география, экология
- Өнер және мәдениет
Университеттің жас ғалымдары мен студенттері ұсынған ғылыми баяндамалары қазылар алқасы бағалады және үздік жұмыстар диплом дармен марапатталды.
Конференция ғылыми қоғамдастықтың дамуындағы маңызды қадам болды, білім мен тәжірибе алмасуға ықпал етті, сонымен қатар жас ғалымдарды өз салаларында одан әрі зерттеулер мен жетістіктерге шабыттандырады деп сенеміз.
Бөлісу: