Республикалық пәндік олипиада жеңімпаздары анықталды
-
19 сәуір, 2024
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде 2024 жылдың 19 сәуірінде Химия, биология және география пәндері бойынша мектептердің 9-10 сыныптардың оқушылары арасында Республикалық пәндік олимпиада өтті.
Жаратылыстану институтының ұйымдастыруымен өткен олимпиада университеттің Ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Закир Джумакуловтың алғы сөзімен ашылды.
Білім додасының жалпы қорытындысы бойынша 189-ға жуық қатысушының ішінен 10 оқушы бәйгеден озып, 1-орын иеленді. 24 оқушы – 2-ші дәрежелі, 54 оқушы – 3-ші дәрежелі дипломмен марапатталды. Өзге қатысушылар сертификаттарға ие болды. Жаратылыстану институтының директоры Гаухар Байташева жоғары білім деңгейін көрсеткен оқушылар мен жетекші ұстаздарды да алғыс хатпен марапаттады.
Олимпиада дарынды балаларды анықтап, жаратылыстану пәндеріне және ғылымға деген қызығушылықтарын ояту мақсатында өткізілді.
Марапаттарыңыз құтты болсын, құрметті оқушылар! Білім жолында алар асуларыңыз, жетістіктеріңіз көп болсын!
Бөлісу: