"Томирис" командасы Республикалық студенттік пәндік олимпиадада II орын алды



    • Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 6В02102 - «Хореография» білім беру бағдарламасы бойынша 3 курс білім алушылары Республикалық студенттік пәндік олимпадаға қатысты.

      Қазақстандық хореографияның көрнекті шебер-педагогтары – К.М.Жақыповаға, С.А Наурызбаеваға, Р.М Курпешеваға арналған олимпиада Астана қаласында Қазақ ұлттық хореография академиясының ұйымдастыруымен 4-5 наурыз күндері өткізілді.

      Бұл жарыс қатысушылар үшін тәжірибелі мамандар алдында өз білімдерін, таланттарын және жоғары нәтижелерге ұмтылыстарын көрсетуге мүмкіндік беретін елеулі сынақ болды.

      Олимпиадамен қатар Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, балетмейстер Зәуірбек Молдағалиұлы Райбаевты еске алуға арналған халықаралық жас хореографтар конкурсы өтті. Конкурс Қазақстанның көрнекті балетмейстерін еске ала отырып, жас таланттар үшін бір-бірін шабыттандыруға және өз шығармашылығымен бөлісуге тамаша мүмкіндік болды.

      Республикамыздың бірнеше беделді ЖОО арасында болған додалы сайыстын Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университеті, 6В02102 - «Хореография» білім беру бағдарламасыныңбілім алушылары бірінші турында қатысушылар классикалық биді оқыту теориясы мен әдістемесі, тарихи – тұрмыстық биінін теориясы мен әдістемесі сияқты пәндер бойынша бағаланды, ал екінші турда студенттер К.М.Жақыпова, С.А Наурызбаева, Р.М Курпешева секілді Қазақстандық хореографияның көрнекті шебер-педагогтары шығармашылығына байланыстывикторина сұрақтарына жауап беріп, жеңімпаз атанды.

      Өнер көрсету барысында, 6В02102 – «Хореография» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттерінен құралған «Томирис»командасы жүлделі ІІ орынға ие болды. Бұл әсерлі нәтиже тек талантты қатысушылардың ғана емес, тәжірибелі тәлімгерлердің – PhD докторы Анипа Ерланқызының және аға оқытушы Анар Әлиханқызының еңбегі болып табылады. 

      Команданы лайықты жеңістеріменқұттықтаймыз және шығармашылық жолында үлкен жетістіктер тілейміз!

      Бөлісу: