QYZPU СТУДЕНТТЕРДІҢ ҒЫЛЫМИ ЖЕТІСТІГІ
-
12 сәуір, 2024
2024 жылғы 12 сәуірінде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде студенттерге, магистранттарға, докторанттар мен жас ғалымдарға арналған өтетін Ұлы ғалым Қ.И. Сәтбаевтың 125 жылдық мерейтойына арналған «ǴYLYM JÁNE BІLІM - 2024» XIX Халықаралық ғылыми конференциясы өтті.
Конференция 13 бағыт бойынша жұмыс жасады. Конференцияға әртүрлі ғылым салаларының жас зерттеушілері арасында ғылыми идеялар алмасу алаңы түрінде 200-ден астам отандық және жақын, алыс шетелдерден келген жас зерттеушілер қатысты.
«ǴYLYM JÁNE BІLІM - 2024» конференциясының жеңімпаздары Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Басқарма Төрағасы-ректордың дипломдарымен және алғыс мадақтамалармен марапатталды.
«Қоршаған ортаны қорғаудың өзекті мәселелері» секция жұмысының қорытындысы бойынша Қазақ ұлттық қыздар педуниверситеті, «6B01507 – Химия» мамандығының 2-курс студенті Көшкімбаева Аяна Қайыржанқызы «Қыздар университеті кампусының қар-жаңбыр суы мен ауасының физика-химиялық құрамына талдау» тақырыбында баяндама жасап, жүлделі I орынды иеленді. Ғылыми жетекшісі – педагогика ғылымдарының магистрі З.Б. Сарсенбаева.
«Химия ғылымының өзекті мәселелері» секция жұмысының қорытындысы бойынша Қазақ ұлттық қыздар педуниверситеті, «6В05301 – Химия» мамандығының 2-курс студенті Дюсебай Жанель Ғабитқызы «NiMn2O4-Ni0.4Fe2.6O4 мультиферроигінің синтезі және термодинамикалық қасиеттері» тақырыбында баяндама жасап, жүлделі I орынды иеленді. Ғылыми жетекшісі – педагогика ғылымдарының магистрі З.Б. Сарсенбаева.
Сонымен қатар, аталған секция бойынша «6B01507 – Химия» мамандығының 2-курс студенті Аяған Жұлдыз Мухтарқызы «Сирек жер металдарын өндірістік иониттерге негізделген интерполимерлерден бөліп алу» тақырыбында баяндама жасап, жүлделі IІ орынды иеленді. Ғылыми жетекшісі – жаратылыстану ғылымдарының магистрі Л.К. Ысқақ.
Студенттерді құттықтап, білім мен ғылым жолында табыстар тілейміз.
Бөлісу: