QyzPU-да болашақ ғалымдарға Smart, Ойлау дизайнын дамытатын тренингтер өткізді!



    • QyzPU-да болашақ ғалымдарға Smart, Ойлау дизайнын дамытатын тренингтер өткізді!

      Осындай маңызды іс — шараларға байланысты студенттерді ынталандыру мақсатында Менталды денсаулықты дамыту орталығы SMART мақсаттарға бағытталған, Ойлау дизайнына-қолданыстағы стереотиптерді жойып мәселені шешудің жаңа тәсілдерін үйренуге арналған тренингтер өткізді. 

      Тренингтің мақсаты - ғалымдардың тәжірибесіне сүйене отырып, мәселенің шешімдерін түсіну, инсайттарды табу және өз тәжірибесін жақсарту мүмкіндіктерін анықтау.

      Студенттеріміз қалай Thinking outside the box — тың болашақ ғалымы ретінде - "қораптан тыс ойлай алады?!".

                                                     

      Тапсырма - жеке, топтық бақылаулар арқылы ұйымдастырылды. Барлық маңызды зерттеу ақпараты құнын жоғалтпай, топтың басқа мүшелеріне жаңа табыстар мен инсайтқа назар аударуға көмектесетін етіп қағазға, стикерлерге және жұмыс үлгілеріне көшірілді.

      Команданың ресурсы міндеттің ауқымына байланысты, прототиптеу кезеңін - мектепке дейінгі білім беру ұйымы, мектеп, колледж және университет атқарды. Қағаздағы жылдам прототиптеу (гипотезаның немесе идеяның бір эскизін жасау) кезеңдері - балалардың мектепке дейінгі жастан жасөспірім жасына дейін болуы. Әр кезеңде студенттер фасилитатор(көмекші) бола алды, бұл қалыптасқан идеялардың сапасын арттыруға және командада жұмыс істеуге мүмкіндік берді.

                                                                           

      Біздің идеямыз студенттер тобына, болашақ ғалымдарға SMART мақсаттарын, Ойлау идеяларын өмірге және ғылымға енгізуге ықпал ету.

      Құрметті университет ғалымдары! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Зияткерлік жұмысыңызға алғыс айта отырып, көптеген жаңа бастамалар мен жобаларыңыз, бірегей зерттеулеріңіз арта берсін деп тілейміз.

      Бөлісу: