Инфо-дайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары». №28
-
14 желтоқсан, 2020
2020 жылғы 7 – 12 желтоқсан аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары.
07.12.2020
– 2020 жылғы 1 – 4 желтоқсан аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары.
08.12.2020
– Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде белгілі түрколог, филология ғылымдарының докторы, профессор Әбжан Құрышжанұлының 90 жылдығына орай «Түркологиялық кеңістіктегі гуманитарлық ғылымдар: тарихи сабақтастық пен өзара ықпалдастық» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
***
– Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ректоры Гаухар Алдамбергенованың «Елбасы – азаттықтың архитекторы» атты мақаласы.
***
– Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Ғылыми жұмыстар және инновация жөніндегі проректоры Нұрғали Аршабековтің «Жаңа реалиялар мен мүмкіндіктер» атты мақаласы.
***
– Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Ләззат Бөлебаеваның «Күміс университет» – физикалық саулық пен ұзақ өмір сүрудің кепілі» атты мақаласы.
09.12.2020
– Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті еліміздегі мектеп оқушыларының зияткерлік әлеуетін көтеру жолында көптеген жобалар мен іс-шараларды жүйелі жүзеге асыруда. Соның бір айғағы – «Ұлы даланың ұлы қыздары» атты білім сайысы.
***
– Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің білім алушыларының шығармашылық әлеуетін арттыру, жастардың бойында отаншылдық рухты қалыптастыру мақсатындағы «Туған жер» тақырыбындағы эссе байқауы өтті.
***
– 9-15 желтоқсан күндері Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Педагогика және психология жоғары мектебінің ұйымдастыруымен Elsevier вебинарлар сериясы өтеді.
10.12.2020
– 11 желтоқсан күні сағат 15:00-де Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде еліміздің үздік ұстаздарымен кездесу өтеді. «Менің жүрегімнің мектебі» тақырыбындағы вебинарға «Қазақстан мұғалімі» ұлттық сыйлығының финалистері қатысып, өз тәжірибелерімен бөліспек.
***
– Прокторинг дегеніміз не және оның емтихан, тестілеу және оқыту үдерісіндегі тиімділігі қандай? Ол не үшін қажет? Оны алғашқы реттен қалай тапсыруға болады?
11.12.2020
– Қараша айының үздік қызметкерлері анықталды.
***
– Биылғы қысқы сессия қалай өтеді? Емтихан тапсыру барысында қандай өзгешеліктер болады? Прокторинг деген не? Оны алғашқы реттен қалай тапсыруға болады? Осы және өзге де сауалдарға жауап беру мақсатында оқу орнының оқу және оқу-әдістемелік мәселелер жөніндегі проректоры Еркін Жұманқұлова мен Академиялық мәселелер жөніндегі департамент қызметкерлері Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттерімен кездесу өткізеді.
***
– Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Жаңагүл Сұлтанованың «Отбасы – тәрбие бастауы» атты мақаласы.
12.12.2020
– Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Өнер және менеджмент институтының ұйымдастыруымен «Көпмәдениетті қоғамдағы өнертану: дәстүр мен жаңашылдық» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
***
– «Қаржы орталығы» АҚ-ның өкілі Ақзира Серікқалиқызы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттерімен кездесу өткізді.
Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі
Бөлісу: