QyzPU жастары еліміздегі табиғи апат, топан су салдарынан зардап шеккен бірқатар өңір тұрғындарына колдау білдіруде
-
07 сәуір, 2024
Алматы қаласы Алмалы ауданы комьюнити орталығындағы гуманитарлық көмек қабылдау пунктіне су тасқынынан зардап шеккен өңір тұрғындарына арнап университет еріктілері тұрмыстық қажеттіліктер, мектеп оқулықтары, киім-кешек, азық-түлік, гигиеналық құралдар т.б. заттармен көмек қолын созуда.
Сонымен қатар аталған аймақтарда мектеп оқушыларының сабақтарына, түсінбей, қалып қойған пәндерден репетиторлық көмек (арнайы сабақтардан білімдерін толықтыру) көрсетуде.
Бөлісу: