Цифрлық технологияларды білім саласында қолдану
-
03 сәуір, 2024
QyzPU-да В.П. Астафьев атындағы Красноярск мемлекеттік педагогикалық университетінің доценті, физика-математика ғылымдарының кандидаты Шикунов Сергей Анатольевич семинар өткізді.
Семинарда Android қосымшаларын әзірлеуге үйрету, жасанды интеллект саласында болашақ информатика мұғалімдерін даярлаудың мазмұны мен ерекшеліктері, өнеркәсіп пен білім беруде нейрондық желілерді қолдану мысалдары сияқты тақырыптар көтерілді.
Семинар барысында Samsung Innovation campus жастарға талантын дамытуға қажет дағдыларды меңгеруге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бойынша жаһандық білім беру бағдарламасы туралы толыққанды ақпарат берді.
Шикунов Сергей Анатольевич қатысушыларға Android қосымшасын нөлден жасауға қажетті барлық құралды қамтитын Android Studio программасының мүмкіндіктерін көрсетті. Сонымен қатар компьютерге қосымша программаларды орнатпай-ақ, Jupiter Notebook арқылы Python тіліндегі кодпен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін Google Colab сервисі туралы нақты жұмыс істеу принциптерін түсіндірді.
Семинарға қатысушылар сұрақтарын қойып, пайдалы ақпараттар алғанын атап өтті.
Бөлісу: