«Анадолыдан желбірген жел» көрмесі өтті
-
27 наурыз, 2024
QyzPU «Кәсіптік білім» кафедрасының ұйымдастыруымен кітапханада Түркия республикасы Афьон Кожатепе университетінің өнер шеберлерінің «Анадолыдан желбірген жел» көрмесі өтті.
Көрме аясында түрік өнер шеберлері Үлкү Күчүккурт, Ремзия Гүленай Ялчынкая, Зейнеп Гурман, Мелике Гурман Киіз, Эбру өнерінің техникаларының қыр сырымен бөлісіп, мастер-класс өткізді.
Арнайы шақырылған Афьон Кожатепе университетінің бейнелеу өнері факультеті, Дәстүрлі түрік өнері бөлімінің меңгерушісі доцент, Dr. Ülkü KÜÇÜKKURT «Afyonkarahisar дәстүрлі киіз өңдеу технологиялары» тақырыбында баяндама жасады. Дәріс «Визуалды өнер, көркем еңбек, графика және жобалау» мамандығы білім алушыларының қызығушылықтарын туғызып, қатысушылар пікір алмасты.
Университеттің Басқарма төрағасы ректор Гүлмира Қанай меморандум аясында қос тарап арасында педагог кадрлардың біліктілігін арттыру, оқытуда тәжірибе алмасып, білім беру және ғылым салаларында бірлескен іс-шараларды жүзеге асыруға дайын екенін айтып, қонақтармен жеке кездесу өткізді.
Бөлісу: